18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жаңаөзенде ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатынан секіріп, жансақтау бөліміне түсті, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті мессенджерлерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға қарашаның 28-і күні сағат 17:30-да болған. Ер адам Жаңаөзен қаласы Самал шағын ауданы 28-үйдің төртінші қабатынан секіріп, ауруханаға жеткізілген. Хабарламада ер адамның осындай әрекетке баруына отбасындағы жанжал себеп болғаны жазылған.
Таралған видеода адам жұрттың көзінше төртінші қабаттан жерге құлап түсті. Видеоны түсіріп тұрған адам «Осындай жағдай болып қалды. Кім екені белгісіз» - дейді.
Жарақаты көптігінен науқастың жағдайы ауыр. Сан сүйегі шытынап сынған. Кеуде сүйектері сынған. Құлағаннан іш құрылысына зақым келген. Мойыны мен иығында қиылған жаралар бар. Сол жақ бөксесі жарақаттанған. Жарақаттың ауырлығынан науқас қансырап қалған. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деді Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Марат Эдельханов.
Дәрігердің хабарлауынша, науқас суицид жасамақ болған. Облыстық Полиция Департаментінің мәліметінше, полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жәбірленуші құмар ойынға әуес болған - деп жазылған департамент хабарламасында.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр