Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңаөзен қаласында мұнай-газ саласына арналған жаңа зауыт ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Республика күні қарсаңында Жаңаөзен қаласында «Каскор-Машзавод» ЖШС-нің жаңа зауытының ашылу салтанаты өтті. Шараға мұнай-газ саласының ардагерлері, ұлттық компаниялар мен кәсіпорын басшылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік негізді нығайту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, өңдеу саласын дамыту – өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті.
Жаңа кәсіпорын жылына 540 мың дана сорғы штангасын, 51 мың тонна сорғы-компрессорлық құбырларды және футеровкалы сорғы-компрессорлық құбырларды өндіруге қауқарлы. Өндіріс іске қосылған соң 250 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Салтанатты іс-шарада сала ардагерлері мен өндіріс қызметкерлеріне облыс әкімінің және кәсіпорынның алғыс хаттары мен мерейтойлық медальдар табысталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?