23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Жаңаөзен қаласында ел демографиясын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға зор үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі №829 Жарлығы негізінде Жаңаөзен қаласы бойынша 17 анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік марапат тапсырылды.
Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов көпбалалы аналарды шын жүректен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті.
Ана – отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі. Сіздердің ел демографиясын нығайтуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге қосқан баға жетпес үлестеріңіз зор. Мемлекет сіздердің қажырлы еңбектеріңізді әрдайым жоғары бағалап, қолдау көрсететін болады, - деді қала әкімінің орынбасары.
Марапат иелері қала басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында балаларды тәрбиелеуді абыройлы міндет деп санайтындарын жеткізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік