12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Оқиға бүгін Астана уақытымен сағат 5:00-дер шамасында болған.
Жаңаөзен қаласындағы екінші шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде газ жарылған. Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған.
Өрт болған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.
Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды,- делінген хабарламада.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер