13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз2025 жылы қазақстандықтардың жаңа жылдық дастарханына арналған азық-түлік себетінің құны есептелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үкіметте жүргізілген есепке сәйкес, мерекелік дастарханға қажетті негізгі өнімдердің орташа бағасы шамамен 70 мың теңгені құрайды.
Аталған себетке қазақстандықтар Жаңа жыл қарсаңында жиі сатып алатын 37 түрлі азық-түлік өнімі енгізілген. Олардың қатарында еттен дайындалатын ыстық тағамдарға арналған өнімдер де бар, - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев.
Оның айтуынша, өткен жылы жаңа жылдық азық-түлік себетінің құны шамамен 68 мың теңге болған.
Былтыр орташа есеппен 68 мың теңге болса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 70 мың теңге деңгейінде қалыптасты. Кейбір тауарлар арзандады, ал кейбірінің бағасы қымбаттады, - деді Ернұр Жәутікбаев Үкіметтегі брифинг барысында.
Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізбесін уақытша кеңейту бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырғаны хабарланған еді. Бұл санаттағы өнімдерге қойылатын сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы тиіс.
Бұған дейін отандық жұлдыздар Жаңа жыл кешінде қанша сыйақы сұрайтыны туралы жаздық. Сонымен қатар Серік Жұманғарин жаңа жыл қарсаңындағы азық-түлік бағасы жайлы пікір білдірген.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды