Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндері ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің ақпаратынша, республиканың басым бөлігінің ауа-райын Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон қалыптастырады, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі: еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 01-02 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ. 31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз - 10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды