Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДенсаулық сақтау министрлігі елімізде Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехникалық заттардан 63 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 20-сы балалар екені белгілі болды.
Зардап шеккендердің 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарлық емдеуге жатқызылды. Қалған 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем қабылдауда, - деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Зардап шеккендердің ең көбі Алматы қаласында, 19 адам тіркелген.
- Жамбыл облысында – 11 адам,
- Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6 адам,
- Ақтөбе облысында – 2 адам,
- Ақмола, Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарында – 1 адамнан жарақат алды.
Барлық зардап шеккендерге «көздің жарақаттары, мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары» диагнозы қойылған. Бір науқас ішперде қабырғасының жарақатын алып, қазір стационарда орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда.
Министрлік барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?