22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӨткен жылдың желтоқсан айының соңғы тәулігінде еліміз бойынша жедел медициналық жәрдем пультіне тұрғындардан 27 мыңға жуық шақырту келіп түскен. Оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1- 3 санатына тиесілі, ал қалғаны 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары шақыртуға шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең көп шақырту Алматы облысында тіркелді – 3073, одан кейін Алматыда – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күнінде жедел жәрдем қызметіне 1942 шақырт түскен.
Денсаулық сақтау министрігі былтыр 11 айда Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем бригадалары 7, 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсеткенін атап өтті. Оның ішінде 1-3 санат бойынша 4,9 млн шақыртуға және 4-санаттағы 2,8 млн шақыртуға емханалардың жанындағы бригадалар қызмет көрсетті.
Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.
Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада қызмет көрсетеді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев