28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернат оқушылары үшін нағыз мерекеге айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Себебі мектепке өрт сөндіру автокөліктері, жол талғамайтын «ТРЭКОЛ», «ШЕРП» автокөліктері, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келді. Бұл – Жаңа жыл қарсаңында «Сармат» мектебі оқушыларына сыйлық ретінде арнайы ұйымдастырылған акция болатын. Акцияның мақсаты - оқушыларға Жаңа жыл қарсаңында ерекше көңіл күй сыйлау, қауіпсіздік талаптарын жеткізу.
Департамент бастығының орынбасары подполковник Руслан Шариев аталған мектептің 8 сынып оқушысы Нұрасыл Талғатовпен өткізілген бір күнінің ерекшелігін айтып өтті. Сондай-ақ, оқушыларды қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырып, құтқарушы мамандығының қызметімен таныстырып өтті.
Кейін оқушылар өрт сөндіру және құтқару құрал жабдықтарымен танысты. Өрт сөндірушілер өрт техникасы туралы айтып, өрт сөндіру автокөліктерінің жұмыс жасау принциптерін және немен жабдықталғанын, көптеген өрт-техникалық қару-жарақтың не үшін қызмет ететінін көрсетті. Оқушылар өздерін өрт сөндіруші, құтқарушы ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Құтқарушы иттердің қабілетін тамашалап, құтқарушы мамандығының маңыздылығын түсінді.
Оқушылар өрт сөндіру автокөліктеріне, жол талғамайтын «ТРЭКОЛ», «ШЕРП» автокөліктеріне таласа отырып, шынайы эмоцияларын жасырмады. Іс-шара соңында оқушылар осындай ерекше акция ұйымдастырған Атырау облысы ТЖД басшылығына алғыстарын білдірді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?