Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Үкімет бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін алдын ала шаралар қабылдап жатыр». Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының қалай өзгеретіні жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Біз бұл бағытта тұрақты жұмыс істеп келеміз. Былтыр да жаңа жыл алдындағы кезең абыр-сабырсыз өтті. Биыл да сондай болады деп сенемін. Жаппай қымбаттау күтілмейді. Жаңа жылға жақындағанда әдеттегідей аздап баға қозғалысы болуы мүмкін, бірақ қатты өсу болмайды, – деді Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-премьер қазіргі инфляцияның негізгі себептері бұған дейін бірнеше рет айтылғанын еске салып, Үкімет пен Ұлттық банктің әзірлеген үш жылдық бағдарламасы осы факторларды жоюға бағытталғанын атап өтті. Сол арқылы 2026-2027 жылдары инфляциялық ахуалдың түзелетінін де тілге тиек етті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары