Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбеде халықтың әлеуметтік осал санаттарының өкілдері баспанаға ие болды. Оларға пәтер кілттерін қала әкімі Азамат Бекет табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, Ақтөбе қаласында баспана кезегінде тұрған тұрғындардың мәселесін шешу мақсатында құрылысы жүріп жатқан үйлермен қатар Ақтөбеде 553 пәтер (жалпы площадь 33 623 шаршы метр) сатып алынуда.
Біз баспана кезегінде тұрған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Бұл мемлекетіміздің қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жаңа пәтеріңіз берекеге толы болсын! - деп тілегін айтты қала әкімі Азамат Бекет.
Тұрғын үй кезегінде 28 мың адам тұр. Құрылыс салу және қаланың әр бөлігінде салынған үйлерден дайын пәтерлерді сатып алу жолымен мәселені шешу қолға алынды. Тұрғын үйлер 6 санат бойынша кезекте тұрғандарға берілуде.
Матросова, 3 адресінде салынған 5 қабатты үйден 34 пәтер алынды (1 бөлмелі - 7 пәтер, 2 бөлмелі - 16 пәтер және 3 бөлмелі - 11 пәтер). Бұл пәтерлер жетім бала, мүмкіндігі шектеулі жан және көп балалы отбасы категориясы бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріліп жатыр, - делінген әкімдік мәліметінде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?