Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖаңа Зеландия полициясы ел тарихындағы ең ірі сұйық экстази партиясын тәркіледі. Оның қара нарықтағы құны 8,2 миллион долларды құрайды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Қылмыстық полиция инспекторы Даррин Томсонның айтуынша, бұл тәркілеу ел үшін рекордтық көрсеткіш болды. Барлығы 1 950 кг гамма-бутиролактон (көбіне «сұйық экстази» деген атпен белгілі) тәркіленген.
«Гермес» атауын алған арнайы операция алты айға созылып, кеден қызметі және өзге де күштік құрылымдардың қатысуымен жүргізілді.
Сонымен қатар операция барысында жалпы салмағы 10 кг-нан астам болатын метамфетаминнің бірнеше партиясы да тәркіленді. Оның құны 2,2 миллион доллар деп бағаланып отыр.
Жасы 38 бен 75 аралығындағы төрт ер адам қамауға алынып, Веллингтонның округтік сотына жеткізілді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары