1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЖаңа Зеландия азаматы Лоуренс Уоткинс әлемдегі ең ұзын жеке есімнің иегері атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның толық аты-жөні 2 253 сөзден тұрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1990 жылдың наурыз айында Лоуренс Уоткинс ресми түрде өзінің аты-жөнін өзгертіп, оған 2000-нан астам қосымша есім енгізген. Осыдан кейін ол өзінің ерекше әрекетін ресми рекорд ретінде тіркеу үшін аудандық сотқа жүгінген.
Бастапқыда өтініш қабылданғанымен, кейін сот өтінішті кері қайтарып, Уоткинстің талабын қанағаттандырмаған.
Бірақ Уоткинс берілмей, Жаңа Зеландияның Жоғарғы сотына шағым түсірген. Бұл жолы сот оның пайдасына шешім шығарып, азаматтың рекордын ресми түрде мойындады.
Алайда сот шешімінен кейін ел билігі екі заңға өзгеріс енгізіп, басқа азаматтарға осындай ұзын есім қоюға тыйым салған.
Гиннестің рекордтар кітабына берген сұхбатында Лоуренс Уоткинс:
Бала кезімнен ерекше адамдардың рекорд орнатуын қызығып қарайтынмын. Бір күні өзім де солардың қатарында болғым келді, — деп бөлісті.
Бүгінде оның толық аты-жөні Гиннестің ресми басылымында алты бетке жуық орын алады. Барлығы 2 253 сөзден тұратын бұл есім — әлем бойынша тіркелген ең ұзын жеке атау саналады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?