Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Қазавиақұтқару» тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. ТЖМ мәліметінше, жаңа туған нәрестеге шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұшу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтті. Кішкентай пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.
Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, борт механигі Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Әлмұхамедов және Темірлан Сибағатов орындады.
Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейінің арқасында санитарлық рейс қауіпсіз және уақытылы орындалды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек