Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіСу саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін су ресурстары және ирригация министрлігі елімізде су қорларын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есебін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл талап биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген. Ұлттық есеп – бұл елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі болып отыр.
Онда негізгі өзендердің су мөлшері, су ресурстарының су шаруашылық бассейндері, өңірлер және экономика салалары бойынша пайдаланылуы жөнінде талдау, су шаруашылығы мен гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ құжатта су қорын қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы ақпараттар баяндалған.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есеп беру үшін ақпаратты есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Ұлттық есептің өзі 1 мамырдан кешіктірілмей жарияланады. Бұл Қазақстандағы су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге тиіс. Су кодексінің өзі биыл 10 маусымда күшіне енеді. Сондықтан біз бұл есепті 2026 жылдан бастап жариялай бастаймыз, – деді Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік