30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқтөбеде Ұлттық волейбол лигасының талаптарына сай келетін спорт залы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров және тағы да басқа қонақтар қатысқаны айтылды.
Спорт кешені – Ақтөбе қаласының спорттық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үлкен жұмыстың бір бөлігі. Жеке кәсіпкерлердің бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосып жатқаны қуантады. Жаңа спорт залында шағын футбол, волейбол, баскетбол ойнауға, жаттығуға мүмкіндік бар. Келесі жылы Ұлттық лигаға қатысатын ақтөбелік команда да осы жерде жаттығады, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.
Жаңа спорт залы волейбол, футзал және баскетбол ойындарын өткізуге арналған. Зал айтылған ойындардың ұлттық лигаларының стандарттарына сәйкес келеді және барлық деңгейдегі жарысты өткізуге мүмкіндік береді. Биіктігі 13 метрге жуық, 300 адамға орын қарастырылған.
«Ақтөбе» волейбол клубының Ұлттық волейбол лигасы аясындағы жарыстарына дайындық жүргізеді. Компания басшылығымен Ақтөбе облысының ерлер командасы 2021 жылы Қазақстаннның волейбол бойынша жоғарғы лигасының жеңімпазы атанып, Ұлттық лигаға өтті. Команда құрамында тек жергілікті ойыншылар ойнайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды