Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖаңа жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігінде жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау процесі басталды. Ол үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері тартылды. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП өкілдері, салық салу саласындағы сарапшылар белсенді қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Күн сайын түрлі тақырыптар бойынша талқылаулар өткізіледі. Атап айтқанда, камералдық бақылау, берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер, салықтық тексерулер, қосылған құн салығын қайтару бөлігінде салықтық әкімшілендіру мәселелері талқыланды.
Жақын арада халықаралық салық салу, тәуекелдерді басқару жүйесі, салық есептілігінің нысандарын тіркеу және оңтайландыру жөніндегі мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Алдағы уақытта экономиканың түрлі секторларында сараланған салық мөлшерлемелерге көшу, арнайы салық режимдерін оңайлату, «сән-салтанат салығын» енгізу мәселелері қаралатын болады. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрі деңгейінде экономистермен, сарапшылармен үнемі кездесулер өткізіліп тұрады.
Бұдан бөлек, халықаралық тәжірибе зерделенуде. Кірістерге салық салудың халықаралық тәжірибесін жүзеге асыру, оның ішінде бейрезиденттерге, сондай-ақ салалар бойынша жүктемені бөлуді ұсынылады. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы түсінікті, ашық, әділ және тұрақты салық жүйесін қалыптастыруға бағытталатын болады.
Ұлттық экономика министрлігі кез келген форматта келіп түскен ұсыныстарды қарайды. Ұсыныстарды ҚР ҰЭМ атына немесе tax@economy.gov.kz электрондық поштаға жіберуге болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді