23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қаржы министрі Мәди Тәкиев БАҚ өкілдерімен кездесуде жаңа салық кодексі жобасында сән-салтанат салығы туралы норма барын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда жаңа салық кодексі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстар тікелей Ұлттық экономика министрлігінің төрағалығымен жүргізілуде. Әкімшілік реттеу саласындағы жұмыспен айналысып отырмыз. Қыркүйек айында кодекс жобасын Мәжілістің қарауына енгізгелі отырмыз. Сән-салтанат нормасы құжатта бар. Салық кодексінің жобасын тамыз айында таныстырамыз. Қазіргі Салық кодексі екі бөліктен тұрады, – деді Мәди Тәкиев.
Бұдан өзге министрден журналистер: «Жаңа салық кодексін әзірлеуге шетелден сарапшылар тартыла ма?» деп сұрады.
Аталған сауал бойынша министр «кодексті өз күшімізбен жазып жатырмыз» деп тілге тиек етті. Сондай-ақ жаңа салық кодексі жобасына қаржы бөлінбегенін айтты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік