12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы аймақтық құрылымында кеңесші болып жұмыс істеп жүр.
Бұл туралы Nege порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевқа қарсы қылмыстық іс жоқ екенін мәлімдеді.
Порталдың Ішкі істер министрлігіне жолданған сауалына «Тұрғымбаевтың Сыртқы істер министрлігіне іссапарға жіберілгені» туралы жауап келген. Бұл мәліметті ҚР СІМ де растаған.
ҚР Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 08-1-1-1/375 бұйрығымен бекітілген Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызмет персоналының қызметі туралы ақпарат (лауазымының, құрылымдық бөлімнің, ұйымның, оның атауы және т.б.) дербес деректерге жатады, - делінген мәліметте.
Осылайша экс-министр қазір Ташкентте жүр.
Бұл ұйым 2002 жылы Санкт-Петербургте өткен ШЫҰ-ға мүше елдер басшыларының жиынында құрылған. Негізгі қызметі – терроризм, экстремизм, сепаратизммен, аймақтық және глобалды деңгейде күрес. Ұйымның штаб-пәтері Ташкентте орналасқан. Төрағасы – Руслан Мирзаев.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер