30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕліміз бойынша 2025-2026 оқу жылының басына дейін 115 мың орынға арналған 83 жаңа мектеп пайдалануға берілетіні мәлім болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 140 мың орынға арналған 111 мектептің құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Мектеп құрылысымен қатар, биыл 190 мың оқушыны қамтитын 245 мектепте ауқымды реновация бағдарламасы іске асырылып жатыр. Оның шамамен 60%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңа оқу жылына дейін 99 мың оқушыны қамтитын 127 мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталатыны айтылды.
Сонымен қатар 2025 жылы 69 мыңнан астам оқушысы бар 1000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылып, 680 мектепке шамамен 1100 заманауи пәндік кабинет сатып алынады.
Бұған дейін 2025-2026 оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде бірқатар маңызды өзгерістер енгізілетіні айтылған болатын.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды