6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2025 жылы «Астана Опера» театры көрермендерін мазмұнды бағдарламамен қуантпақ. Жоспарда төрт премьера бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жыл Ролан Петидің балет премьерасымен ашылады. Бағдарламаға әйгілі француз хореографының үш үздік туындысы «Кармен», «Арлезианка» және «Бозбала және өлім» енген. Бұл драматургия мен айқын экспрессияға толы туындылар әлемдік балетте ерекше орын алады.
Көптен күткен оқиғалардың бірі – Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасы. Классикалық балеттің символы саналатын шығарманы Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың балет труппасы жаңаша сахналайды. Сәнді костюмдер, тамаша декорация және таңғажайып музыка көрерменді ертегі әлеміне жетелейді, - делінген мәліметте.
Опера өнерін сүйіп тыңдайтын көрерменді түрлі стильдегі қойылымдар күтуде. Олардың бірі – Джузеппе Вердидің атақты «Риголетто» операсы. Махаббат туралы қайғылы оқиға керемет сюжеті мен шебер арияларымен танымал. Туынды әлем көрермендерінің жүрегін баурап келеді.
Репертуардан ерекше орын алатын туындылардың бірі – Серікжан және Әліби Әбдінұровтардың «Қыпшақ қызы Аппақ» операсы. Сюжетте Низами есімімен белгілі ұлы әзербайжан ақыны мен 17 жасар қыпшақ қызы Аппақтың кездесуі баяндалады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі