29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБиылғы оқу жылынан бастап колледждерге кәсіпорын өтінімдері бойынша кадр даярлау енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Өзара ынтымақтастық еңбек нарығының сұранысына сай маман әзірлеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырыстың артықшылығы - колледж бітірген соң студент тапсырыс берушінің компаниясында жұмыс істейді. Ол үшін білім беру ұйымы, кәсіпорын және студент арасында үш жақты келісім-шарт жасалады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі, техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісовтің айтуынша «Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай биылғы оқу жылынан бастап жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша оқытуды бастады. Колледждер еңбек нарығына қажет кадр дайындайды. Кәсіпорындарға өз базасында тәжірибеден өткізу, тағылымдаларын ұйымдастырып, түлектерді жұмысқа қабылдау жүктеледі».
Айта кетейік, мақсатты тапсырыс колледждерге кадрлық сұранысқа сай білім беру бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда кадр даярлауды «Сарыарқа автопром», «Kamaz» ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Базис-Астана», «Аster Аuto Аstana» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар қолдап отыр. Мақсатты тапсырыс бойынша 10 мыңнан астам студент оқитын болады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек