Жаңа дәстүр ме? Бойжеткен құран үнімен ұзатылды

15 Тамыз 2023, 15:51 1788

Бұл ұзату тойы көпшіліктің қызу талқылауына түсті. Пікір білдірушілердің басым бөлігі жаңа үрдіске қарсы болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде құранмен ұзатылған қыздың видеосы тарады.

Видеоны жүктеген қолданушы «Сіз қызыңызды осылай ұзатуға қалай қарайсыз?» - деп жазды.

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары мұны дәстүр мен дінді шатастырып жүргендердің тірлігі дегенді алға тартты. Арасында бұған оң бағасын бергендер де бар. 

«Қазақтың киімінің, мағыналы әндерінің, дәстүрінің быт-шытын шығарды осы арабқұлдар», «Өлген адамды құранмен шығарып салмай ма? Бұл той емес пе?», «Қумаңдаршы, қазақ бауырларым! Ата дәстүрді ұмытпайық! Не болды арабқа бағынып! Бір Аллаға сыйынайық, арабтарға емес», - жазған оқырмандар.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 📺Kelin TV 200 k Turkistan (@kelin_tv)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: