Жаңа Адамдар танымал әйелдердің жолдауы бар 10 000 кәмпитті сыйға таратты

7 Наурыз 2023, 13:05 1771

Жаңа Адамдар белсенділері Халықаралық әйелдер күніне қарай жетістікке жетіп қана қоймай, өз саласында үздік атанған танымал, әрі табысты қазақстандық әйелдердің жолдауы жазылған 10 000 кәмпит дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өз ісінің шебері атанған әйелдер «арманыңызға қорықпай талпынсаңыз,бұл өмірде бәрі мүмкін» деген үндеумен жеке жағдайларын үлгі қылды.

Олар кез келген қыз бала атақты ғалым да, табысты саясаткер де немесе бүкіл әлемге әйгілі боксшы бола алады деген сенім артты.

"Сіздердің қолдарыңызда тұрған – Қазақстанның әйгілі әйелдерінің «жолдаулы кәмпиттері». Әрбір кәмпитте – сіздерге деген жолдау бар, онда – жеңісінің күресі, бастысы бірегей тарихы жазылған. Бұл кәмпиттер тек сыйлық қана емес, өз армандарыңызды қалдырмай, қалай да болса жүзеге асыруға талпыныс жасауға үндеу. Өйткені сіздердің жұмыстағы, спорттағы, бизнестегі, отбасындағы, өмірдегі жеңістеріңізден Қазақстанымызды тек қана көркейеді", – дейді Жаңа Адамдар белсендісі Рашит Ризабек.

Мотивациялық жолдауларды жазғандар:

EL.KZ
Бөлісу: