Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҰлттық банк 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнап номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
9 мамыр – бүкіл әлем үшін айтулы күн. Қазақстан Жеңіске айтарлықтай үлес қосты. Республикадан 1,2 миллионға жуық адам жұмылдырылды, бұл сол кездегі жалпы халықтың шамамен – 20 пайызы. Отандастарымыз жаяу әскерде, танк бөлімшелерінде, авиация мен флотта ерлікпен шайқасты.Қаһарман отандастарымыздың ерлігіне құрмет таныту үшін Ұлттық банк ұлттық валютада мерейтойлық банкнотаны айналымға шығарғалы отыр, - делінген хабарламада.
Ұлттық банктің мәліметінше, банкноталардың таралымы – 5 миллион дана ғана.
Номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнота өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады.
Сондай-ақ банктік шотқа салуға, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аударуға және ұсақталуға міндетті.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады