Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖәмилә Бақбергенова Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан балуаны финалды қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігі екенін дәлелдеді. Ол мұндай жетістікке жеткен 3-ші қазақ палуаны болып отыр. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар.
Бақбергенова жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялыұ Масако Фуруичиді 3:2 есебімен ұтып, сенімді түрде финалға шықты. Ал финалдағы қарсыласы Юйци осыған дейін жасөспірімдер мен жастар арасындағы сары құрлық додасында күміс, қола медаль жеңіп алған.
Амманда әйелдер күресінен Азия чемпионаты бүгін аяқталы. Бас бапкер Қайрат Сағадиев баптайтын команда 1 алтын, 1 қола медальға қол жеткізді. Ұлттық құрама балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова үшінші орынға тұрақтады.
2024 жылы сәуір айында Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлде иеленген еді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары