Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған жаңартылған рейтингте көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Сәуір айындағы рейтингте ол жапониялық Ами Ишиды артқа тастап, бірінші орынға көтерілген болатын. Бұл жетістікке Бақбергенованың Иорданияда өткен Азия чемпионатында кезекті рет топ жаруы себеп болды. Ол жарыста төртінші мәрте чемпион атанып, 10 мың ұпай жинады. Жаңартылған рейтингте Ами Иши 72 келі салмақта екінші орында тұр. Ал үздік үштікті моңғолиялық Болортунгалаг Зоригт түйіндеді, төртінші орында – румыниялық Александра Ангел.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – әлем чемпионатының төрт дүркін күміс және бір мәрте қола жүлдегері. Сондай-ақ, ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы әрі Азия ойындарының күміс медаль иегері.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?