Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыЖамбыл облысында соғыс ардагерлерінің рухына тағзым етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары мен туыстары, облыс тұрғындары жиналды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің төрағалары, Тараз қаласының әкімі, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты.
Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Шарада соғыс тарихынан сыр шертетін «Даңқ» залындағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Әкімдіктің мәліметінше, «Данқ» залы соғыс жылдарын бейнелейтін фотосуреттер мен экспонаттарға толы. Ғимаратта 1 миллион 500 мыңнан астам фотошежірелер топтастырылған. Залдың 1941, 1942, 1943, 1944 және 1945 жылдарға арналған қабырғаларындағы суреттерде сол кезеңдегі соғыс көріністері бейнеленген. Жергілікті майдангерлердің 500-ге жуық медалі де залдан орын алған.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді