30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалына жаңа арнайы 51 жаңа техника табысталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінгі таңда филиал экскаватор-жүк тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыштар, автокран, жанармай құю көлігі және жылжымалы автожөндеу станциясына ие болған. Жалпы алғанда филиалға 71 техника бөлінген, қалған 20 техника жыл соңына дейін жеткізіледі. Арнайы техникалар паркі толықтырылмас бұрын филиалда 64 техника болған.
Барлық жаңа техника «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалының өндірістік учаскелеріне бөлінеді. Сатып алынған жабдықтар су беру тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ су шаруашылығы нысандарын күтіп-ұстау мен жөндеуді жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік береді.
Министрлік еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа техникалармен жабдықтауды жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 400-ден астамы берілді. Бұл техника құрылыс-монтаж және тазалау жұмыстарына белсенді түрде пайдаланылып жатыр, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды