22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында мекеме директорының басшылығымен аса үлкен қатерлі ісікті алып тастау бойынша бірегей операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, емхананың дәрігері егу кабинетінде Меркі ауданының 62 жастағы тұрғынының әдеттен тыс үлкен ішін байқап, пациенттің зерттеп-қараудан өтуі керектігін айтып көндірген. Зерттеу барысында ісік анықталған.
Орталықтың торакоабдоминалдық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, емдеуші дәрігер Ерасыл Араповтың айтуынша, әйел стационарға қайтымсыз процестің басталу деңгейінде түскен.
Ісік бүкіл бауырдың 70%-ын алып, өт қабымен және жалпы бауыр артериясымен тығыз байланыста болған. Ал аса үлкен ісіктің салмағы - 6 келі. Ол қуыс венаны, түтіктермен өт қабын және бауырдың үлкен тамырларын, түтіктермен өт қалтаны, оның оң жақ бөлігін толығымен жауып, қысып тастаған.
Маман атап өткендей, мұндай аса үлкен ісікті толығымен алып тастау керек. Оның тұтастығын бұзбауға тырысу қажет, әйтпесе қайталану қаупі өте жоғары. Бұл ісіктің үлкен мөлшеріне, іш қуысында жұмыс кеңістігінің болмауына, үлкен тамырларға жақын орналасуына және анатомияның айтарлықтай бұзылуына байланысты оңай емес. Кез-келген абайсыз қозғалыс жаппай қан кетуге және төтенше жағдайға әкелуі мүмкін.
Хирургтар пациентнің бауырының барлық оң жақ бөлігін, өт қабын алып тастады. Кіреберіс вена мен жалпы бауыр артериясының лимфа түйіндерін резекциялады. Қосымша қиындық төменгі қуыс венаны және жалпы өт жолын ақырындап оқшаулау қажеттілігі болды.
Анестезиологтар тобының жоғары деңгейлі және үйлесімді жұмысы біздің пациенттің қан айналым проблемаларын болдырмауға көмектесті. Денедегі кез келген өзгерістерге ғана назар аудару, онкологқа уақытылы жүгіну және дұрыс жоспарланған емдеу пациенттің өмірін сақтап, операция жасау қаупін бірнеше есе азайтады, - деді Ерасыл Арапов.
Онкологтар обырдың ерте сатысында байқалмайтынын ескертеді. Сондықтан ағзадағы кез-келген өзгерістерге мұқият қарау керек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев