Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖамбыл облысында жайылым жерлерден мал ұрлап, оларды сойып сатқан барымташылар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі. Белгілі болғандай, күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы малын ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқан.
Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бар екені және ұрланған 5 жылқы малын сойып сатқандығы анықталды делінген полиция мәліметінде.
Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар