Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыЖамбыл облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды. Оның екеуі трассада патрульдеу жүргізген екі патрульдік полиция қызметкері, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 17 тамыз сағат 01:00 шамасында "Меркі-Шу-Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында болған. 25 жастағы "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Шкода Октавия" патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан қызметтік көлікте болған және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында трассада патрульдеу жүргізген екі патрульдік полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің бірі 11 бала тәрбиелеп отырған көп балалы әке. "Тойота Альфард" көлігінде 8 жолаушы болған. Олардың төртеуі сол жерде қаза болып, ал қалған үш жолаушысы мен жүргізушісі әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды,-деп атап өтті полициядан.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция мұқият тергеу жүргізіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?