Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖамбыл облысы Талас ауданында кәмелет жасына толмаған екі баланы жүйелі түрде ұрып-соғу дерегі бойынша аймақ басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жұмыс тобы мәселені толық анықтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бойынша зерделеу және тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.
Зерделеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жолданады. Қазіргі таңда тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолға алынды. Көтерілген мәселеге сәйкес осы секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты зерделенеді,-делінген облыс әкімдігі мәліметінде.
Еске салсақ, бұған дейін Талас ауданында екі кәмелетке толмаған бала 5 жыл құлдықта болып, қорлық көріп келгені белгілі болды. Балалардың жүйелі түрде соққыға жығылып келген дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды