23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысының прокурорлары қайтыс болған жұмысшының отбасына 3 млн теңге өтемақыны өндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір азаматтардың еңбек қатынастары саласында тиісті білімі жоқ екені белгілі, оны жосықсыз жұмыс берушілер өздерінің жеке мүдделері үшін пайдалана алады.
Атап айтқанда, Қордай ауданында жұмыс беруші еңбек шартының орнына қызмет көрсету шартын жасасу арқылы жұмысшының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершіліктен жалтару фактісі анықталды.
Бұл схема жеке кәсіпкерге жұмыс орнында қаза болған жұмысшының отбасына өтемақы төлемеуге мүмкіндік берді.
Қордай ауданы прокуратурасының сотқа берген талап қоюы бойынша көрсетілген адамдар арасындағы еңбек қатынастарының фактісі дәлелденіп, қаза болған тұлғаның отбасына 3 млн теңге төленді.
Биыл еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау шеңберінде өңір прокурорлары 14 651 адамның құқықтарын қорғады, оның ішінде 1 040 қызметкерге 281 млн теңгеге жалақы бойынша берешек төленді.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмысшылар мен жұмыс беруші арасында еңбек шарттары жасалуға міндетті. Бұл жұмысшыларға өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға кепілдік береді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады