22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТаразда тәртіп сақшылары құны шамамен 30 миллион теңге болатын автокөлікті заңсыз иеленуге бағытталған ірі алаяқтық әрекетін дер кезінде әшкереледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияның жедел әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде көлік қысқа уақыт ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Павлодар қаласының тұрғыны Алматыдағы автосалондардың бірінен LI-9 жаңа автокөлігін сатып алып, барлық қажетті құжаттарды рәсімдегеннен кейін оны үйіне жеткізу үшін эвакуатор қызметін пайдалануға шешім қабылдаған. Алайда тасымалдау барысында бөтен адам өзін көліктің иесі ретінде таныстырып, қулығын іске асыруға тырысқан.
Эвакуатор автосалоннан шыққан сәтте жүргізушіге бейтаныс азамат қоңырау шалып, өзін Николай деп таныстырған. Ол көліктің иесі екенін және эвакуатор қызметінің бір бөлігін төлегенін айтып, бағытты өзгертуін сұраған. Сондай-ақ көлікті қаладағы тұрақтардың бірінде қалдыруды өтінген. Аңғалдық танытқан жүргізуші оның айтқанын орындаған.
Осыдан кейін алаяқ екінші эвакуатор шақыртып, автокөлікті қала сыртына шығарған. Бұл уақытта шынайы иесі GPS қадағалау жүйесі арқылы көліктің жоспарланған бағыттан ауытқығанын байқап, дереу полицияға хабарласқан. Жедел басқару орталығы оқиға туралы мәліметті Жамбыл облысы полиция департаментінің барлық патрульдік экипаждарына жеткізген.
Патрульдік полиция батальоны мен жедел басқару орталығы қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік көп ұзамай табылып, иесіне қайтарылды. Күдікті автокөлікті қаладағы автосервиске апара жатқан жерінен ұсталды. Ол көлікті автосервиске өткізіп, ізін жасырып әрі кейін сатуды көздегені анықталды.
Көлік иесі Николай Киселев тәртіп сақшыларына шынайы алғысын білдіріп, олардың жедел әрі кәсіби әрекеті арқасында көлігі аман қалғанын атап өтті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев