Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖамбыл облысында Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойынында жеңімпаз атанған оқушыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында өңір басшысы кітап оқудың маңыздылығын атап өтіп, жасөспірімдерді білімге ұмтылуға шақырды. Жеңімпаздарға облыс әкімінің Алғыс хаты мен М. Әуезовтің «Абай жолы» романы сыйға тартылды.
Еске сала кетейік, 18 қаңтарда өткен білім сайысына 450 оқушыдан құралған 90 команда қатысып, өңірлік ақын-жазушылардың шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Байзақ, Меркі, Сарысу аудандарынан шыққан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сертификаттарға қол жеткізді.
Жарысқа қатысушылар арасында 300 кітап оқыған Асқар Нұрмахан, 250 өлеңді жатқа білетін Кәусар Қашқынбай, 100-ден астам кітаптың мазмұнын меңгерген Нұртілеу Сатыбалды сынды талантты жастар бар.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды