Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында ірі және ұсақ малға арналған мал азығы ұнын өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері пайдаланылатын болады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық әкімдік мәліметінше, жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 000 тонна дайын өнім.
Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, құрамажем импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаның құны – 980 миллион теңге. Өндірістік желіні пайдалануға беру 2026 жылдың наурызына жоспарланған, - делінген мәліметте.
Кәсіпорынның іске қосылуы мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өндірістік әлеуетін нығайтады деп күтілуде.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?