Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіЖамбыл облысында кәмелетке толмаған адамдар қорғаушылардың қатысуынсыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараз қаласы мен Жуалы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.
Осылайша, уәкілетті орган Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) талаптарын бұза отырып, жол ережесін сақтамаған 16-17 жас аралығындағы 124 кәмелетке толмағандарға қатысты ӘҚБтК-тің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік істерді қозғау кезінде ресми қорғаушылардың қатысуын қамтамасыз етпеген.
Кәмелетке толмағандар екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Прокурорлардың наразылығы бойынша соттармен ішкі істер органдарының жоғарыда аталған қаулыларының күші жойылып, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Сондай-ақ қадағалау актілері бойынша екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазір өндірілген айыппұлдарды қайтару мәселесі қарастырылуда, - делінген Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік