Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысында «Қарасора-2025» республикалық ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Профилактикалық іс-шара 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар мен «Заң және тәртіп» бағдарламасына сәйкес биыл 1 маусымнан басталған. Алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарын жою жөніндегі жылжымалы комиссия құрамында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау аясында жабайы қарасора өсетін ошақтарды анықтау және жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Арнайы ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, облыстың құмды аймақтарына жақын 4 394,6 гектар аумақтағы жабайы қарасора орылып, кейіннен жиналған өсімдіктер өртеу арқылы жойылды,-деп атап өтті полициядан.
Жойылған қарасораның жалпы салмағы үш мың тоннадан асқан. Бұл шаралар өсімдік тектес есірткі шикізатының заңсыз айналымға түсуін болдырмауға және өңірдегі есірткі қатерін төмендетуге бағытталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?