Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЖамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Жамбыл облысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі көлемде өткізу фактісінің жолын кесті.
Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық тас жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктегі 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш есірткісі табылды. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны аталған тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындады, - делінген мәліметде.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек табылды.
Сонымен қатар күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден астам кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді, - деп қосты полиция.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова