Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖамбыл облысының тұрғынынан құны 10 млн теңгеге жуық болатын марихуана мен гашиш тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Қарасора-2023» ЖПІШ аясында Мойынқұм ауданының құмды аймағынан есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД, «Бүркіт» АМБ, ҚР ҰҰ 5514 ә/б қызметкерлері Тэй атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Жасырын орынды тексеру барысында өсімдік тектес заттары бар 17 полиэтилен қап және ұнтақталған заты бар 2 полиэтилен пакет, сондай-ақ есірткі затын ұнтақтауға арналған елек табылып, тәркіленді.
Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес алынған заттардың жалпы салмағы 229 келі 140 грамм кептірілген марихуана және 4 келі 532 грамм гашиш есірткі заты екені расталды. Қара нарықтағы бағасы шамамен 10 млн теңгеге жуық.
Ұсталған адам бұрын бірнеше рет сотты болған, ол өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді ПД ЕҚҚІҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?