Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы операция жүргізілді. Нәтижесінде Жамбыл облысынан есірткі сатушы ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Астана – Қарағанды тас жолында Метро сауда орталығының жанында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысқан. Ұстау барысында жүргізуші мен жолаушы полицияға қарсылық көрсеткен.
Полицейлер автокөліктің салонын тінту кезінде гашиш тапқан. Автокөліктің артқы орындығынан жалпы салмағы 5 келіге жуық есірткі заты бар бес полиэтилен пакет тәркіленді. Автокөліктің салонында, бұрын аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағаны үшін сотталған, Жамбыл облысының 31 жастағы тұрғыны болған, - делінген мәліметте.
Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында полицейлер тұрғын үйді тінту кезінде жалпы салмағы 12 келіден асатын есірткі заты салынған 13 ұқсас пакетті тапты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 17 келі 258 грамм гашиш болды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Есірткі затын тасымалдауға қатысы бар Жамбыл облысының тұрғыны ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?