28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарНаркологиялық диспансерде бомба туралы хабарлаған қаскүнем құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 8 сәуірде сағат 16.00 шамасында Меркі аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерінде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы қоңырау келіп түсті.
Тексеру барысында бұл ақпарат расталмады. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткіге мас күйде қоңырау шалғанын мойындады, - делінген мәліметте.
Ұсталған адам бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған және есірткіге тәуелді ретінде есепте тұрған. Былтыр аталған наркологиялық диспансерде мәжбүрлі түрде стационарлық емдеуден өткен.
Қазіргі уақытта терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін тағы да еске салады.
Сонымен сот шешімі бойынша кінәлі адам «жалған терроризм» актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге мәжбүр болады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?