Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына 51 жаңа арнайы техника берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның ішінде экскаватор-жүктегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су таситын көліктер, самосвалдар, автокрандар, тартқыштар, тіркемелі құрал-жабдықтар, дизельді генераторлар және басқа да техникалар бар. Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізіледі. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған.
Филиал қарамағындағы автокөлік пен арнайы техниканың саны екі еседен асты. Бұл техника Жамбыл облысындағы су шаруашылығы инфрақұрылымын салу және реконструкциялау бойынша ірі жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ биылғы және алдағы суару маусымдарының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге септігін тигізеді, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта республика бойынша «Қазсушар» РМК-ның филиалдарын жаңа техникамен жабдықтау жалғасып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдарына жоспарланған 757 арнайы техника мен көліктің 400-ден астамы жеткізілді.
Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?