Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыға кіреберісте Жамбыл облысының екі тұрғынынан 151 келі гашиш тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыға есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетін ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ, кинология қызметі және "Буран-278" патрульдік экипажындағы әріптестерінің көмегімен жолын кесті.
Райымбек даңғылы мен Әшімов көшесінің қиылысында Toyota Camry көлік тоқтатылды. Көлік ішінде Жамбыл облысы, Шу ауданының екі тұрғыны болды. Жоғарыда аталған автокөлікті тінту барысында әрқайсысының салмағы 24 келі болатын 7 қорап табылып, тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісті жасыл түсті ұнтақ заты бар полиэтилен байламдары болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 151 келі 328 грамм болатын гашиш есірткі екені расталды. Айыпталушылар қамауға алынды. Олар біздің жедел бөлімшелердің қызметкерлері бірнеше ай бойы әзірлеген есірткі тізбегінің буыны саналады. Естеріңізге сала кетейік, шілде айында 1982 жылы туған Т.есімді азамат ұсталған болатын, одан салмағы 54 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді, ал қазан айында 1993 жылғы Г.есімді азамат ұсталды. Оны тінту кезінде 6 келі гашиш салынған байлам табылды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?