Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында ақын мен әкім әдебиет және руханият төңірегінде әңгіме өрбіген. Өңір басшысы Мұхтар Шахановтың қазақтың сөз өнерінде алар орны бөлек екенін тілге тиек етіп, оның поэзиясы – елдің еңсесін тіктеп, рухын асқақтатқан мәңгілік мұра екенін айтты.
Сіздің жалынды жырларыңыз әр қазақтың жүрегінде жатталып, сана түкпірінде сайрап тұр десек, қателеспейміз. Әулиеаталықтар да Шаханов мұраларына ерекше құрметпен қарайды, - деді Ербол Қарашөкеев.
Облыс әкімі ақынның иығына шапан жауып, жамбылдықтардың атынан сый-құрмет көрсетті. Бұл күні жамбылдықтар Мұхтар Шахановпен бірге Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры сахналаған «Танакөз» атты мелодрамасын тамашалады.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады