Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіЖамбыл облысында ұйғыр мәдениетіне арналған бірқатар шара өтті.
Жергілікті ұйғыр этномәдени бірлестігінің мүшелері Алматыдан арнайы келген қонақтарға маңызды мерекелік күнді «Көне тараз» тарихи-мәдени орталығының тарихи жерлеріне эскурсия ұйымдастырудан бастады.
Шараға қатысушылар ұйғыр халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихи орындары мен табиғи ерекшеліктерін таныстыратын слайдты және Достық үйінде орналасқан М.Қашқари атындағы ұйғыр қоғамдық бірлестігінің кабинетімен танысты.
Достық үйі көрмешісі қонақтарға Орта Азия халықтарының тарихи жағдайы, ұйғыр ұлтының дәстүрі мен мәдениеті жайында деректермен таныстырды.
Алматыдан келген қонақтар мен қоғамдық этномәдени бірлестіктер мүшелері Жамбыл облыстық драма театрында белгілі қазақ жазушы-драматургы Дулат Исабековтің «Мұрагерлер» драмасын сахналады.
Белгілі мәдениет қайраткері Азизжан Искандеровтың жетекшілігімен келген Қ.Қожамьяров атындағы мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық драма театрының талантты актерлері қазақ спектаклін жоғары деңгейде сахналап, Тараз қаласы тұрғындарының зор ықыласына кенелді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік