Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЖамбыл облысында салынып жатқан зауыт жылына 1 млн тонна кальцийленген сода өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кальцийленген сода өндіру жобасы Қытайдың мемлекеттік CAMC Engineering корпорациясының қатысуымен және халықаралық банк консорциумының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Негізгі өнім — калцийленген сода. Алдағы уақытта бұл өндіріс бейорганикалық, химия кешенін құруға және терең өңдеуге бағытталған жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік береді, — «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов.
Оның айтуынша, алғашқы кезеңде кәсіпорын жылына 500 мың тонна өнім шығарады. Кейін өндіріс көлемін жылына 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.
Кальцийленген сода металлургияда, тамақ, тоқыма, химия өнеркәсібі, сондай-ақ тұрмыстық химияда кеңінен пайдаланылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар