18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданының тұрғындарын табиғи отынмен қамту мәселесі бүгінге дейін шешімін таппады. Бұл мәселеге қатысты Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облысымызда осы жылдың қорытындысы бойынша, тұрғындардың санымен есептегенде табиғи газбен қамту көрсеткіші 92 пайызға жетеді. Екі ауданымыз бар. Оның бірі – Сарысудағы 4 елдімекенде ғана газ бар. Қалған елдімекендерде жоқ. Мойынқұм ауданындағы 25 елдімекенде мүлдем табиғи газ жоқ. Бұл жұмыстарды біз биылғы жылдан бастап кеттік. Аудан әкімшілік тарапынан қаражат бөлініп, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп жатыр. 25 елдімекеннің 13-ін бірінші кезеңде табиғи газбен қамту мәселесі шешіледі. Былтырғы жылдан бастап Шу қаласындағы Қонаев елдімекенінің қасында газ тарататын станцияны соғу жұмыстарын бастадық. Биыл аяқталауы тиіс, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, келесі жылдан бастап Мойынқұм ауданына табиғи газды кіргізу үшін үш кезеңде жұмыс басталады.
Бірінші, ең үлкен кезең – магистральды газ құбырын тартуымыз керек. Оны аяқтау үшін 18 миллион қаражат керек. Екінші, үшінші кезеңдерге 4 миллиард теңге қаражат керек. Жобалық-сметалық құжаттар дайын. Біздің тарапымыздан Энергетика министрлігіне ұсыныстар берілді. 2024 жылы қаражат бөлінген жағдайда осы жұмыстар қолға алынады. Біздің есеп бойынша, Мойынқұмдағы 13 елдімекенге 2026 жылға дейін табиғи газ кіргізіледі, деді әкім.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр