23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖамбыл облысында 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағын өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдегі ауыл шаруашылығының жай-күйіне және нақты көрінісіне толық көз жеткізу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда. Ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Бетбаевтың айтуынша, сиыр, ешкі, қой, түйе сияқты малдар мемлекет есебінен тегін бірдейлендіру жалғаспақ.
Жылқыларды чиптеу иесінің есебінен жүзеге асырылады. Бұрын бұл қызметтің құны 1 200 теңгені құраған. Бүгінде баға 350 теңгеге дейін төмендеді. Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізілген белсенді түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде шаруалар таңбалаудың электрондық тәсілін қолдады.
Жақында Меркі ауданындағы «Ар-Ас» шаруа қожалығы 350 бас жылқыға чип енгізді.
Чиптердің арқасында біз енді малдың барлық мәліметтерін біліп, жылқылардың қозғалысын бақылайтын боламыз, - деді шаруашылық басшысы Арнас Есбаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады